Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Ораз Жандосов атындағы шағын-орталықты орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    "Әжелер әлемі" атты ақ жаулықты әжелер байқауы

     "Әжелер әлемі" атты ақ жаулықты әжелер байқауы 

    🔰Шоқпар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 сәуір күні "Әжелер әлемі" атты ақ жаулықты әжелер байқауы өткізілді.
    ✅Мақсаты: Қазақтың жасы үлкен аналарын ұлықтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Ата-салтымыздың асыл мұрадай қазынасын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ұрпақтың бойына ұлағат ету. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
    Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
    1. Таныстыру
    2. Салт-дәстүр
    3. Ас-адамның арқауы (ұлттық тағамдарды жасап әкелу, таныстыру)
    4. Шебер қол (қолөнер бұйымдарын дайындап әкелу)
    5. Сыр сандық (сұрақ-жауап)
    🔷Байқауға Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің атынан мектебіміздің зейнеткер ұстазы Жақсыбаева Ләззат Дүйсетқызы қатысып, жүлделі II орынға ие болды.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    23.04.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки